Балаларға вакцина салына ма? – Министр жауап берді

23 маусым, 2021 / Гүлдана Нұрлыханова
ашық дереккөзі
Балаларға вакцина салына ма? – Министр жауап берді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Балаларға вакцина салына ма?»  деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Елімізде балаларға QazVac вакцинасы бойынша клиникалық зерттеу жүргізілген жоқ. Еліміздің заңнамасына сәйкес, балаларға клиникалық сынақтар жүргізуге тыйым салынған. Қалған вакциналарға келсек, әзірлеушілердің вакцинаны балаларға қолдану туралы мәліметтерін күтеміз, – деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде.