Жаңалықтар

Енді елімізде жеңілдетілген автонесие берілмейді

ашық дереккөзі

Енді елімізде жеңілдетілген автонесие берілмейді

Ұлттық банк елімізде жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы тоқтатылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл бағдарлама 2019 жылғы 31 мамырда басталған болатын. Бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық банк 2019-2020 жылдары 40 миллиард теңге, яғни жыл сайын 20 миллиард теңге бөлген. Ұлттық банк ақпаратына сүйенсек, 2021 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша барлығы 48,8 миллиард теңгеге 8 546 кредит берілген, оның ішінде 8,8 миллиард теңге бұрын берілген автокредиттерді өтеуден түскен қаражат есебінен сатылған. "Сонымен қатар Ұлттық банк басқармасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 56 шешімімен Қазақстан Ұлыттық банк басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 79 "Отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға кредит беру бағдарламасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды. Сондай-ақ елімізде дәл осындай шарттармен өндірілген жеңіл автокөлік сатып алушыларына кредит беру үшін Ұлттық банк бұрын бөлген 40 миллиард теңге сомасындағы қаражатты одан әрі пайдалану мүмкіндігі қарастырылған", - делінген редакция сауалына берілген жауапта.