Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің басшылық құрамы да қатысты.

 />

Президент алдағы сайлау науқанының маңызды екенін атап өтті.
<blockquote>– Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік, – деді Мемлекет басшысы.</blockquote>
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастаманы былтырғы Жолдауында көтергенін еске салды. Бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде бұл жұмыс жүзеге асырыла бастады.

<img src=