Жаңалықтар

Қазгидромет: Алдағы үш күнде кей өңірлерде күн салқындайды

ашық дереккөзі

Қазгидромет: Алдағы үш күнде кей өңірлерде күн салқындайды

Елімізде алдағы үш күнде кей өңірлерде күн салқындайды, деп хабарлады Қазгидромет. Синоптиктердің болжамына сәйкес, 24-26 маусым күндері күн салқындайды. Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. "24 мамырда Павлодар облысында, 24-25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады", - дейді Қазгидромет. Тек еліміздің батыс өңірінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Күндіз солтүстікте 17-28 градусқа дейін, орталықта 20-35-ке дейін, солтүстік-батыста 25-40 градусқа дейін ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.