Қазақстанның халықаралық резервтері 1 млрд долларға ұлғайды

Қазақстанның халықаралық резервтері 1 млрд долларға ұлғайды

Қазақстанның халықаралық резервтері 1 млрд долларға ұлғайды
ашық дереккөзі
2016 жылы қыркүйек айында ҚР халықаралық резервтері шамамен 1 миллиард долларға ұлғайған. Өсімге сыртқы және ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтануы ықпал етуде, деп жазды finprom.kz. Мамандар келтірген деректерге сүйенсек, резервтер көлемі 31,4 млрд долларға бағалануда. Қыркүйек айындағы резервтердің өзгеруі жалпы халықаралық резервтер мөлшері іс жүзінде өзгеріссіз қалып, айлық өсу қарқыны 1% -дан аспаған биылғы маусым және шілде айларындағы жағдайға мүлдем кереғар. Резервтер сомасының күрт өсуінің басты себебі - Ұлттық банктегі үкімет шоттарында және коммерциялық екінші деңгейлі банктердің сәйкес корреспонденттік шоттарындағы валюта активтері көлемінің ұлғаюы. 2016 жылдың қыркүйегінде еркін айырбасталатын валютадағы активтер 20,8 млрд. долларға дейін - 597 млн долларға (+3%) дейін өскен. Алтын валюталық активтері де қайта өсіп, қыркүйек айында 282 млн долларға (+2,7%) өсіп, 10,6 млрд долларды құрады.