Елорда әкімі вакцина алуға міндетті сала мамандарын атады

Елорда әкімі вакцина алуға міндетті сала мамандарын атады

Елорда әкімі вакцина алуға міндетті сала мамандарын атады
ашық дереккөзі
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-да жазды.
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Өздеріңіз білетіндей, қаламызда «Дельта» штаммы (үнді штаммы деген атаумен белгілі) инфекциясының алғашқы жағдайлары тіркелді! Науқастар саны азаймай тұр. Өткен тәуліктің өзінде инфекцияның 413 жағдайы анықталды! Мыңнан астам адам инфекциялық стационарларда жатыр. Төсек-орындардың жартысынан көбі толды. Реанимация бөлімінде 100 науқас жатыр. 21 адамға өкпені жасанды желдету аппараты қосылды. Медицина қызметкерлеріне артылған жүктеме бірнеше есе өсті және өсіп жатыр. Қазір ғылымға қарсы тұратын уақыт емес. Ғылымның көмегімен жыл сайын жер бетіндегі миллиондаған адам денсаулығын сақтап, аман қалады. Ғылым ғана адамды жаңа, қауіпті вирустар мен инфекциялардан сақтануға көмектеседі. Шұғыл түрде вакцинация алу қажет! Вакцинация арқылы өзіңізді, отбасыңызды және айналаңыздағы жұртты қорғай аласыз. Егер коронавирус инфекциясының жұқтыру көрсеткіші азаймаса, қала тұрғындары мен ШОБ нысандары қатаң санитарлық нормаларды сақтамайтын болса, локдаунға қайта оралуымызға тура келеді. Адам денсаулығы мен өмірі қыл үстінде. Санитарлық нормалардың/карантиндік шектеулердің сақталмауы, кейбір азаматтардың оған бей-жай қарауы салдарынан туындаған жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша карантиндік шектеулер қабылдауға мәжбүрміз. Санитарлық дәрігерлер карантиндік шараларды қатаңдату туралы жаңа қаулы дайындауда. Бірінші. Тәуекел тобындағы азаматтарға міндетті түрде вакцина алуды ұсынамыз. Бұл топқа педагогтар, медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мектеп, балабақша, университет қызметкерлері, қызмет көрсету салалары, яғни ХҚО, банктер, СОО/СҮ, шаштараздар, сұлулық салондары, талапкерлер (18 жасқа толған), сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер жатады. Қала тұрғындарымен тікелей байланыста болатын және жұмыс істейтін қызметкерлер түсінуі керек: ең алдымен өзін және айналасындағы адамдарды қорғауы қажет. Мысалы, қоғамдық тамақтану орындарында/мейрамханаларда немесе СОО-да бөтен адамдармен тікелей байланысатын болсаңыз, ең алдымен вакцинациядан өтіп, өзіңізді және айналаңыздағы жұртты қорғауыңыз керек. Егер аталған ұйым қызметкерлері вакцинацияланбаса, нысанның жұмысы тоқтатылады.