Дариға Назарбаева ауылдардағы интернет сапасы туралы мәселе көтерді

Дариға Назарбаева ауылдардағы интернет сапасы туралы мәселе көтерді

Дариға Назарбаева ауылдардағы интернет сапасы туралы мәселе көтерді
ашық дереккөзі

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Үкімет басшысына сауал жолдап, ауылдарды сапалы интернетпен қамту туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2020 жылғы нәтиже бойынша  халықтың 98,7% интернетке қол жеткізді. Бұл сандардың дұрыстығына сарапшылар да, халық та күмән келтіреді. 510 ауылда интернеттің жылдамдығы төмен,  - деді Назарбаева мәжілістің жалпы отырысында.
Осы орайда ол Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасында 2021 жылы ауыл мектептерінің 80 процентін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету міндетінің жазылғанын еске салды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жылдамдықтың төмен болуының себебі ретінде елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету үшін қосымша құрылғылар қажет екенін айтты.  Елді мекендерді интернет желісіне қосудың нақты технологиясын қолдану туралы шешім қалай қабылданады және осы технологиялардың айырмашылығы неде?", -  деді депутат.