Жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев той-томалақты тоқтатуды тапсырды

ашық дереккөзі

Өмірзақ Шөкеев той-томалақты тоқтатуды тапсырды

Мобильді топтар мен полиция қызметкерлері Түркістан облысында жыл басынан бері мобильді топтар мен полиция қызметкерлері 400-дей тыйым салынған отбасылық, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылғанын анықтады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекелік іс-шаралардың 225-і қоғамдық тамақтану орындарында, қалғаны тұрғындардың өз ауласында өткізілген. Оған қоса індетпен ауырғандардың 75%-ға жуығы вирусты мерекелік, отбасылық шаралар кезінде, көпшілік орындарда жұқтырған. «Ауру қайтадан белең алып бара жатыр. Мониторинг емес, тексеруді күшейту керек. Көріп отырмын, кей аудандарда айқайлап тұрып той жасап жатыр. Беташары болсын, басқасы болсын. Қадам бассаң, барлық жерде той болып жатыр. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды біле тұра, той жасағандарды тоқтату керек»,-деді Өмірзақ Шөкеев.