Банкоматты жарып жіберіп, 19 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлаған екі адам сотталды

Банкоматты жарып жіберіп, 19 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлаған екі адам сотталды

Банкоматты жарып жіберіп, 19 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлаған екі адам сотталды
ашық дереккөзі
Алматыда өткен жылғы желтоқсанда банкоматты жарып, 19 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлаған екі ер адам сотталды, деп хабарлайды Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты. Сотта екі күдікті алдын ала келісіп, 2020 жылғы желтоқсанда газ бен оттегінің көмегімен көше банкоматын жарып, одан 19 276 000 теңге ақшаны ұрлап кеткенін анықтады. Олар ұрланған ақшаны өзара бөлісіп, бизнеске салған. Күдіктілер өз кінәсін мойындады, сондай-ақ өкінетіндерін айтты.
"Сот үкімімен ҚК - нің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көрсетілген қылмыс жасағаны үшін күдіктілер кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.