Токиодағы Олимпиада ойындарында алкоголь сатылмайды

Токиодағы Олимпиада ойындарында алкоголь сатылмайды

Токиодағы Олимпиада ойындарында алкоголь сатылмайды
ашық дереккөзі

Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар жарыс өтетін жерлерде алкоголь сатуға тыйым салды, – деп жазды The Japan Times сайты.

Бұған дейін ұйымдастыру комитеті алкогольді сатуға және тұтынуға рұқсат беру мүмкіндігін қарастырған болатын. Алайда бұл жоспар көпшіліктің наразылығын тудырып, бірқатар адам Twitter-де «Олимпиаданы өткізбеңіздер» деген хэштегпен жазбалар жариялаған еді. Осыдан кейін инфекцияның таралуын болдырмау үшін ішімдік саудасынан бас тарту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар жарысты тамашалауға келгендерге ішімдікті алып келуге де тыйым салынды. Тағы бір жайт, билет иесінің дене температурасы 37,5 градус не одан жоғары болса, оған жарыс өтетін жерге кіруге рұқсат етілмейді. Бұған дейін Жапония үкіметі Олимпиаданы көрермендерсіз өткізу жағын қарастырған болатын. Жапонияның премьер-министрі Есихида Суга Токиода төтенше жағдай режимі қайтадан енгізілсе, билік осындай шешім қабылдауы мүмкін дегенді айтты. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23 шілдеге белгіленді. Жарыс 8 тамызға дейін өтеді.