Жаңалықтар

Алматыда коронавирустың "үнді" штамы табылды деген қауіп бар

ашық дереккөзі

Алматыда коронавирустың "үнді" штамы табылды деген қауіп бар

Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. "Алдын ала деректер бойынша, оның қала бойынша айналым ықтималдығы анықталды. Толық геномдық зерттеу үшін қосымша уақыт қажет", - деді С.Байғабылов. Бұған дейін Алексей Цой Нұр-Сұлтанда тіркелген коронавирус деректерін тексеру барысында "дельта" немесе үнді штамының белгілеріне ұқсас жағдайдың тіркелгенін айтқан болатын. Министр бұл штамның өзгелерден айтарлықтай ауыр екенін ескертіп, осыған байланысты өңірлерден дәрі-дәрмек пен медициналық көмекке қажетті барлық жабдықпен қамтылуды сұрады. "Дельта" немесе үнді коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалығы 60 пайызға жоғары, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен ерекшеленеді.