Швейцария билігі 15 жасқа дейінгі жасөспірімге вакцина салуға рұқсат берді

23 маусым, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Швейцария билігі 15 жасқа дейінгі жасөспірімге вакцина салуға рұқсат берді

Швейцарияда билік 12 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге COVID-19-ға қарсы вакцина алуға рұқсат берді.

Швейцария Қоғамдық денсаулық сақтау Федералды басқармасының мәліметінше, екпелерді Pfizer/BioNTech компаниясы жүргізеді. Вакциналау тегін болады. Маусым айының басында Швейцарияның Swissmedic агенттігі Pfizer/BioNTech компаниясына 12 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға коронавирусты вакциналау үшін медициналық жабдықты пайдалануға рұқсат еткен болатын.