Субұрқақтағы оқиға: Президент адамдарды құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады

Субұрқақтағы оқиға: Президент адамдарды құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады

Субұрқақтағы оқиға: Президент адамдарды құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарған қазақстандық студенті Құрмет грамотасымен марапаттады. «Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады», - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында. Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған. Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты.