Соғыста Ресей жерінде қаза тапқан қазақ сарбазының сүйегі елге жеткізілді

Соғыста Ресей жерінде қаза тапқан қазақ сарбазының сүйегі елге жеткізілді

Соғыста Ресей жерінде қаза тапқан қазақ сарбазының сүйегі елге жеткізілді
ашық дереккөзі

Өрлітөбе (Павлодар облысы) шекаралық бақылау-өткізу пунктінің аумағында өткен ресми іс-шара барысында Қазақстанның Омбы қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері қазақ сарбазы Емберген Асайновтың сүйегін Павлодар облысы әкімдігінің өкілдеріне тапсырды. Бұл туралы СІМ хабарлады.

Жақын арада сарбаздың сүйегі Қызылорда облысында тұратын туыстарына жеткізіліп, туған өлкесінде жерленеді. Жауынгер Емберген Асайнов 1900 жылы Кызылорда облысында дүниеге келген. 1942 жылдың ақпан айында Арал ауданынан әскер қатарына шақырылып, Ленинград түбіндегі кескілескен қанды шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Кеңес сарбазының сүйектерін ресейлік іздеушілер 2019 жылдың күзінде Ленинград облысы Киров аудынының маңында тапқан. 2021 жылғы 18 маусымда Омбы қаласында орналасқан әскери даңк мұражай комплексінің ауласында «Қазақ ұлттық-мәдени орталығы» өңірлік қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған салтанатты митинг өтті. Аталған іс-шара барысында Омбы облысы үкіметінің ресми өкілдері мен жергілікті ардагерлер кеңесі қазақ сарбазының сүйегі салынған табыт пен оның жеке заттарын Қазақстанның Бас консулдығының өкілдеріне әскери құрметпен тапсырды. Қазақ сарбазы Емберген Асайновтың сүйегін тауып, оны туған елге жеткізуге қолдау көрсеткен үшін Бас консулдық барлығына өзінің зор алғысын білдіреді.  width=