Индонезиялық музыкант «Дайдидау» әнін көне аспапта орындады (видео)

Индонезиялық музыкант «Дайдидау» әнін көне аспапта орындады (видео)

Индонезиялық музыкант «Дайдидау» әнін көне аспапта орындады (видео)
ашық дереккөзі
Индонезиялық музыкант Наталино Мелла «Дайдидау» әнін сасандо деп аталатын дәстүрлі музыкалық аспапта орындады, деп хабарлайды Dimashnews.com. Сасандо – Индонезиядағы Роти аралынан шыққан дәстүрлі музыкалық аспап, бамбук түтігінің цитрасы. Оның ішіндегі резонатор Оңтүстік-Шығыс Азияда өсетін лонтарлы пальма жапырақтарынан жасалған. Dimash Indonesia Dears фан-клубы сасандода шебер ойнайтын Наталино Мелламен байланыс орнатқан. Наталино 2021 жылғы 26 мамырда Димаштың Нұр-Сұлтандағы Индонезия елшілігіне барған кезде оған сыйға тартылған аспапты өзі жасаған. Кейіннен музыкант Димаштың репертуарындағы өзіне ұнаған «Дайдидау» әнін көне аспапта орындап, бейнеролик түсірген. https://www.youtube.com/watch?v=K9hh8UeV2VU&t=11s