Карантин шектеулері: базарлар мен сауда орталықтарының жұмыс уақыты өзгерді

Карантин шектеулері: базарлар мен сауда орталықтарының жұмыс уақыты өзгерді

Карантин шектеулері: базарлар мен сауда орталықтарының жұмыс уақыты өзгерді
ашық дереккөзі
ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында Нұр-Сұлтан қаласында карантинді күшейту жөніндегі ұсыныс қолдау тапты. Атап айтқанда:
  • сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін азық-түлік емес тауарларды сататын сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда желілерінің жұмыс режимін шектеу (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан);
  • сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 7.00-20.00 аралығында ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмысын шектеу, ашық ауада сағат 7.00-22.00 аралығында шектеу («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда»);
  • жабық азық-түліктік емес базарлардың жұмысын демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеу (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан);
  • санитарлық талаптарды сақтай отырып, 100 адамнан асса, ашық ауада жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салу (діни, спорттық және т.б.).
Сонымен қатар Е. Тоғжанов орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге штаммның жоғары контагиоздылығын ескере отырып, «Дельта» штамының таралуының алдын алу бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды.