«Үнді» штаммы: карантин режимі күшейтіледі

22 маусым, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
«Үнді» штаммы: карантин режимі күшейтіледі

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.

Нұр-Сұлтан қаласында «Дельта» («Үнді») штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты Ведомствоаралық комиссия ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантиндік режим бойынша мынадай қосымша шаралар қабылдауды ұсынды: Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантиндік режимді күшейту жөніндегі ұсынысы қолдау тапты: Сонымен қатар Е. Тоғжанов орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге штаммның жоғары контагиоздылығын ескере отырып, «Дельта» штамының таралуының алдын алу бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылғы 28 маусымға дейін резервтік қорлардағы төсек қорына, кадрлық қамтамасыз етуге, дәрі-дәрмектердің жеткіліктілігіне тексеру жүргізу тапсырылды. Қорытындылай келе, Премьер-Министрдің орынбасары халықты коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтуды ұлғайту қажеттігін атап өтті.