Еліміздің бірқатар өңірінде бензин қымбаттады

22 маусым, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Еліміздің бірқатар өңірінде бензин қымбаттады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан өңірлеріндегі бензин бағасының қорытындысын ұсынды. Еліміздің бірқатар өңірінде бензин қымбаттады

Баға мониторингі 2021 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша тек АИ-92 маркалы бензиніне қатысты. Бірнеше ай ішінде АИ-92 маркалы бензин Қазақстанның бірнеше өңірінде қымбаттаған. Мысалы, Астанада 2021 жылдың сәуірінде жанар-жағармай 167-172 теңге болған, қазіргі бағасы - 169-175 теңге.