Қазақстандықтар ет жеуді азайтқан

2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша халықтың ет және ет өнімдерін тұтынуы орташа есеппен жан басына шаққанда 19,8 кг-ға дейін қысқарды деп хабарлайды energyprom.kz.

Ет және ет өнімдерінің басым бөлігін Павлодар облысының тұрғындары тұтынған: 24 кг, ал ең аз көрсеткіш шымкенттіктерде: 14,6 кг.

Биыл ет өнімдерін тұтыну өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда  17 өңірдің 10-ында қысқарды. Ал Қостанай облысында ет тұтыну 10% – ға, жан басына шаққанда 20,5 кг-ға дейін өскен.

Back to top button