Еліміздің бас санитар дәрігері жаңа штаммнан қалай қорғану керек екенін айтты (видео)

Еліміздің бас санитар дәрігері жаңа штаммнан қалай қорғану керек екенін айтты (видео)

Еліміздің бас санитар дәрігері жаңа штаммнан қалай қорғану керек екенін айтты (видео)
ашық дереккөзі
Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирустың Үнді штаммынан қалай қорғану керек деген сұраққа жауап берді. Бас санитар дәрігер жаңа штаммнан қорғайтын басты нәрсе вакцина алу екенін айтты.
Вакцина алу - жаңа штаммнан организміңізді толық қорғаудың ең тиімді жолы. Сол себепті де көп ойланып, уақыт кетірудің қажеті жоқ, шешім қабылдап, вакцина алуға бару керек. Вакцинаға күдікпен, үреймен қарайтындар әлі де көп екенін байқаймыз. Қазір елімізде салынып жатқан вакциналардың барлығы дерлік қауіпсіз, сенімді әрі вирустан қорғайды деп толық айта аламыз. Соның ішінде Үнді штаммы да бар. Сондықтан да халыққа вакцина алуға кеңес береміз. Таңдау құқығы бар, вакцинаның саны да жеткілікті, деді Ерлан Қиясов.
Ол, сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтаудың да маңызды екенін атап өтті. Арақашықтық сақтау, маскасыз жүрмеу, адамдар көп жиналатын жерлерге мейілінше бармаған жөн екенін еске салды. [video width="848" height="464" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2021/06/0cd717be-8483-4882-bb53-ae6df67c73c9-3.mp4"][/video]