Вакциналар Үнді штаммынан қорғай ала ма? - ДДСҰ мәлімдеме жасады

Вакциналар Үнді штаммынан қорғай ала ма? - ДДСҰ мәлімдеме жасады

Вакциналар Үнді штаммынан қорғай ала ма? - ДДСҰ мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Коронавирустың Үнді штаммы әлемнің 92 елінде тіркелген, деп ескертеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Оның таралуының екі негізгі факторы инфекцияның жоғары деңгейі және шектеулердің жеңілдетілуі болып отыр. ДДҰ сарапшысы Мария ван Керкхов брифингте вакциналар Үнді штаммына қарсы тұрудың тиімді әдісі болып қала беретінін айтты. Бірақ ол үшін вакцинаның толық курсын алу керек деп мәлімдеді. Керкховтың айтуынша, Үнді штаммы ерекше алаңдатады, өйткені ол тез таралады екен.
"Алдын ала зерттеулер бұл штамм ауруханаға жатқызу қаупін арттыратынын көрсетеді", - деп қосты ол.
Қолданыстағы COVID-19 вакциналары жаңа штаммнан қорғайды, дегенмен бәрі бірдей жеңе бермейді, дейді сарапшы.
"Кей вакциналар Үнді штаммына қарсы тұра алмайды, бірақ кез келген жағдайда аурудың жеңіл өтуіне сеп болады және қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі", - деп атап өтті Керкхов.