Сәтпаев қаласында 5 жасар қызға зәбір көрсеткен ерлі-зайыпты педофилдерге үкім шықты
Сәтпаев қаласында 5 жасар қызға зәбір көрсеткен ерлі-зайыпты педофилдерге үкім шықты
Алқабилер соты Қарағанды облысының Сатпаев қаласында 5 жасар қызды зорлағандарға үкім шығарды, деп хабарлайды sputnik.kz.
Осы іс бойынша үш күдікті болды, олардың бірі тергеу кезінде өз-өзіне қол жұмсады. Қалған екеуі - күйеуі мен әйелі ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды.
Сотта өткен жылғы 23 шілдеде мас күйдегі ер адам үйінің кіреберісіндегі кішкентай қызды көріп, оны пәтеріне әкелгені анықталды. Содан кейін ол көршісін шақырып, баланы зорлауды ұсынған. Көршісі келіскен.
Содан кейін олар көршісінің әйелін шақырған, ол балаға зорлық-зомбылық көрсетілетінін біле тұра, оларға кедергі кедергі келтірудің орнына, керісінше баланы естен тандыратын әлдене еккен.
Дауыс беру нәтижелері бойынша алқабилер соты ерлі-зайыптыларды айыптаудың барлық баптары бойынша кінәлі деп тапты. Ер адамға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Әйелдерді өмір бойы бас бостандығынан айыруға заң бойынша тыйым салынған (Қылмыстық кодекстің 46-бабы). Осыған байланысты сотталушы әйелге қылмыстар жиынтығы бойынша педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды өмір бойы атқару құқығынан айыра отырып, 22 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.