«Даму» Қоры және «Шырак» Қауымдастығы мүмкіндігі шектеулі 180 әйелді кәсіпкерлікке оқытуды бастайды
«Даму» Қоры және «Шырак» Қауымдастығы мүмкіндігі шектеулі 180 әйелді кәсіпкерлікке оқытуды бастайды
Бұл жайында Алматы өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Оған «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қорының маркетинг және халықаралық ынтымақтастық Департаментінің директоры Зәуре Масгутова, «Шырақ» Қауымдастығының төрайымы Ляззат Қалтаева, Алматы қаласының Мәслихат депутаты және «Я Алматинец» Қоғамдық қозғалысының басшысы Константин Авершин және «Шырақ» Қауымдастығының ақпараттық менеджері Мария Тарасова қатысты.
Жоба аясында Қазақстанның 16 қаласында мүмкіндігі шектеулі 180 әйелдерді оқыту жоспарланған және соның ішінен 90 әйел келесі кезеңде қайта оқыту мен біліктілікті арттыру курстарына іріктеліп алынады.
Жобаның ерекшелігі – демеу тек мүмкіндігі шектеулі әйелдер ғана көрсетілмейді. Оларды қызметкер ретінде қабылдауға дайын жұмыс берушілерге де қолдау көрсетіледі. Нәзік жандарды психологиялық және кәсіби тұрғыда дайындап, тәжірибеден өтулеріне мүмкіндік беріп, жұмысқа тұруы барысында сүйемелдесе, жұмыс берушілерге мүгедектігі бар жұмысшыны қабылдау кезіндегі тәуекелдерді төмендетуге көмектесіп, кеңес беріп, қажетті ақпарат ұсынылады. Жоба Жапония, Ресей мен Германия сияқты дамыған елдердің тәжірибесі негізінде құрылған.
«Даму» Қорының өкілі Зәуре Масгутованың айтуынша, жаңа жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі әйелдердің жұмысқа орналасуы мен өз кәсібін дамытуы барысында көмек көрсету. Жоба «Даму» Қорының қолдауымен жүргізілген зерттеулер нәтижесінде үздік халықаралық тәжірибені негізге алып қолданылатын кешенді модельді құрайды.
«Шырақ» Қауымдастығы және Қоғамдық Пікірді Зерттеу Орталығы бірлесіп жүргізген зерттеуге 322 респондент қатысты. Зерттеулер нәтижесінде сауалнама жүргізілген мүмкіндігі шектеулі әйелдердің негізгі бөлігі (36,1%) кәсіби курстардан өту мен қайта даярлауға мұқтаж екендігі анықталды. Білім жетілдіру қажеттілігі бизнес-сауаттылық бағытында ғана емес, сонымен қатар психологиялық тосқауылдарды жеңу, өзін-өзі бағалау мен өзіне сенімділікті арттыру сияқты маңызды тақырыптарда айқын білінеді.
Бизнесті жүргізу үшін мүгедек әйелдер кәсіпкерлік қызметті реттейтін ҚР заңдарын білу қажеттілігін, қаржылық қаражаттың есебі мен оларды басқару саласындағы біліктілікті арттыру, бизнес-жоспар жасау, тауар/қызметтің өтімділігін арттыру, кәсіби курстардан өту секілді мәселелерді атап көрсетуде. Сонымен қатар, аталған бағытта өзін-өзі таныстыру және тендерлерге қатысу жөніндегі арнайы білімдерді алу мен өзінің бизнесін дамыту үшін адамдарды басқара білу қабілеті де маңызды роль атқарады.
Ляззат Қалтаева зерттеу барысында жеке бизнес басшылары мен өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік құрылымдардан тұратын 75 жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізілгенін айта кетті. 56% жұмыс беруші мүмкіндігі шектеулі әйелдерді жұмысқа қабылдауға дайын екендіктерін жеткізсе, 44% қарсылық білдірген. Жұмыс берушілердің айтуынша, өз кәсіпорнындарына мүмкіндігі шектеулі әйелдерді жұмысқа қабылдау үшін тиісінше қолдау мен ынталандырушы шараларды жүзеге асыру керек. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (61%) салық салуда жеңілдіктер қарастыруды күшейту қажеттілігін атап өтті.