Іштің ауыруы, есту қабілетінің нашарлауы: Үнді штаммының белгілері қандай?

Іштің ауыруы, есту қабілетінің нашарлауы: Үнді штаммының белгілері қандай?

Іштің ауыруы, есту қабілетінің нашарлауы: Үнді штаммының белгілері қандай?
ашық дереккөзі
Коронавирустың Дельта нұсқасы немесе B. 1.617 деп аталатын Үнді коронавирус штаммын жұқтырған жағдайда төрт қауіпті симптом байқалуы мүмкін. Бұл туралы Express басылымы хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, covid-19 дельта нұсқасының белгілері суық тию белгілеріне ұқсас: бас ауруы, мұрынның сулануы байқалуы мүмкін. Алайда, қазір аурудың төрт жаңа белгісі анықталды: диарея (іш ауруы), есту қабілетінің нашарлауы, асқазанның ауыруы және гангренаға әкелетін қанның ұюы. Дәрігерлер вирустың жаңа нұсқасының алдын-ала болжанбайтынын атап өтіп, жоғарыда аталған белгілердің кез-келгені инфекцияны көрсетуі мүмкін дейді.
"Бұл жаңа клиникалық симптомдар B. 1.617 — мен байланысты ма, жоқ па, соны талдау үшін бізге қосымша ғылыми зерттеулер қажет", - деп атап өтті ғалымдар.