Жаңалықтар

Іштің ауыруы, есту қабілетінің нашарлауы: Үнді штаммының белгілері қандай?

ашық дереккөзі

Іштің ауыруы, есту қабілетінің нашарлауы: Үнді штаммының белгілері қандай?

Коронавирустың Дельта нұсқасы немесе B. 1.617 деп аталатын Үнді коронавирус штаммын жұқтырған жағдайда төрт қауіпті симптом байқалуы мүмкін. Бұл туралы Express басылымы хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, covid-19 дельта нұсқасының белгілері суық тию белгілеріне ұқсас: бас ауруы, мұрынның сулануы байқалуы мүмкін. Алайда, қазір аурудың төрт жаңа белгісі анықталды: диарея (іш ауруы), есту қабілетінің нашарлауы, асқазанның ауыруы және гангренаға әкелетін қанның ұюы. Дәрігерлер вирустың жаңа нұсқасының алдын-ала болжанбайтынын атап өтіп, жоғарыда аталған белгілердің кез-келгені инфекцияны көрсетуі мүмкін дейді. "Бұл жаңа клиникалық симптомдар B. 1.617 — мен байланысты ма, жоқ па, соны талдау үшін бізге қосымша ғылыми зерттеулер қажет", - деп атап өтті ғалымдар.