Жаңалықтар

Иранның жаңа президенті Байденмен кездесуден бас тартты

ашық дереккөзі

Иранның жаңа президенті Байденмен кездесуден бас тартты

Иранның жаңа сайланған президенті Ибрахим Раиси АҚШ президенті Джо Байденмен ешқандай жағдайда, тіпті Вашингтон 2015 жылғы ядролық келісімді қалпына келтіру жөніндегі Тегеранның барлық талаптарын орындаса да кездеспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды lenta.ru. Ибрахим Раиси өткен жұмада президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін, 21 маусымда алғашқы баспасөз конференциясында сөз сөйледі. Ол тамыздың басында қазіргі президент Хасан Роуханиді алмастырады. АҚШ пен Иран арасындағы дауларды шешу үшін Байденмен кездесуге дайын ба деген сұраққа Раиси "жоқ" деп жауап берді.