Әкімнің зәулім үйі халықтың шамына тиді

Әкімнің зәулім үйі халықтың шамына тиді

Әкімнің зәулім үйі халықтың шамына тиді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында тұрғындар баспана алуға жылдап кезекте тұрса, кей әкімдер бірден бірнеше пәтерді иемденіп алған, деп хабарлайды “Еуразия” арнасы. Мысалы Сарысу ауданының басшысы бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы барлық пәтерлерді қызметтік баспана ретінде пайдаланып отыр екен. Оған қоса, ғимаратқа жапсарлас соғылған көлігін қоятын гараж да салып алған. Тұрғындар «Қарапайым халыққа бір пәтер арман болғанда, әкімнің хан сарайындай баспанада тұруы ұят тірлік» дейді. Ал аудан басшысы елдің бұл пікірімен келіспейді. Тұрғындардың айтуынша, әкім бірінші қабаттағы 4 пәтерді біріктіріп алған. Шығатын есігі де бөлек . Үй артынан соғылған қосымша құрылыс ішіне қызметтік көлігін қойып, сол жерден үйіне кіреді екен.    Қызметтік пәтердің жалпы аумағы 130 шаршы метр екен. Әкім бұл баспананы ауданның бұрынғы басшылары осылай етіп жасағанын айтады. Марат Сұлтанғалиев бұл қызметке осыдан екі ай бұрын тағайындалған. Оның басқа тұратын пәтері жоқ, ал қазіргісін мемлекетке өткізіп, жаңасын тұрғызуға қаражат қимай отырмыз деп ақталды. 4 бөлме қалғаны асхана, дәліздер ғой. Маған дейінгі шешілген басшылардың жобасы. Бірақ  мен мұны дұрыс шешілген жоба деп ойлаймын. Өйткені өзіңіз білесіз жер бөліп, коммуникациясы бар, кәріз жүйесі бар, жылуы бар күтіп ұстау үкіметке, мемлекетке тиімсіз, дейді Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев. Осылайша, әкім бұл қызметтік пәтерді ары қарай да пайданала бермекші. Ал, халықтың баспанаға мұқтаждығын кезең-кезеңімен шешетінін айтады. Қазір Сарысу ауданы бойынша үй алуға барлығы 1 724 адам кезек күтіп отыр.