Жаңалықтар

Елімізде коронавирустың Үнді штаммына ұқсас вирус анықталды

Елімізде коронавирустың «үндістандық» штамына ұқсас мутациясы анықталды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Бас қалада індет жұқтырғандар есебінің күрт артуына байланысты, жауапты министрлік науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. Сынама нәтижесінде, бойынан «дельта» яғни «үнді» штамына тән белгілер табылған пациент тіркелді. Дәрігерлердің дерегінше, аталған мутацияны жұқтыру қаупі COVID-19 инфекциясынан гөрі 60 процентке жоғары екен.

Біздегі штамдар 1 науқастан орта есеппен 3-4 адамға таралса, бұл  мутация бірден 6-7 адамға дейін жұға береді. Ол жабысқан адамдардың буындары сырқырап, жүрегі айнып, ауру салдарынан науқас тіпті саңырау   болып қалуы да мүмкін.

Әзірге елімізде тіркелген мутация дәл үнді штамы, әлде басқасы ма, ол жағы тек нақты зерттеуден соң белгілі болмақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінде Дельта штамы әлемнің 174 елінде тіркеліп үлгерген екен.

Back to top button