Жаңалықтар

Армения парламент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды

ашық дереккөзі

Армения парламент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды

Арменияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тигран Мукучян елдегі кезектен тыс парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Комиссия деректеріне сай, Никол Пашинянның «Гражданский договор» партиясы 53,92% дауыс жинап, жеңіске жетіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Арменияның экс-президенті Роберт Кочарянның «Айастан» («Армения») блогы 21,04% дауыс жинап, екінші орынға жайғасты. Елдің Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-басшысы Артур Ванецянның блогы «Честь имею» 5,23% дауыспен үшінші орында. «Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша, «Гражданский договор» партиясы жаңадан сайланатын парламентте конституциялық көпшілік болмақ (105-тен 71 депутаттан кем емес) және менің басшылығыммен жаңа үкімет құрады», - деп жазды Twitter-де Армения Республикасы премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян. Еске сала кетейік, 20 маусым күні Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Оған 25 саяси күш қатысты. Олардың 21-і партия, қалған төртеуі – блоктар.