Алматыда троллейбус өртеніп кете жаздады

Алматыда троллейбус өртеніп кете жаздады

Алматыда троллейбус өртеніп кете жаздады
ашық дереккөзі

Алматыда техникалық ақау салдарынан түтіндеп жатқан троллейбустың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Алматыэлектротранс» ЖШС мәліметінше, Абай көшесі бойымен Саин көшесіне жетпеген тұста, техникалық ақау салдарынан троллейбустан түтін шығу жағдайы орын алды. «21 маусым күні сағат 13:35-те Абай көшесінің Саин көшесіне жетпеген тұсында, 25 маршрутты троллейбус жұмысында ақау болды. Нәтижесінде түтін шықты. Троллейбус зақымдалмады және зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады «Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметі.