Жаңалықтар

Қызылордада 29 жастағы қыз 4 күннен бері табылмай жатыр

Жаңақорған кентінде тұратын 1992 жылы туған Агнярова Гүлбейне 17 маусым күні сағат 08.00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Бұл жөнінде туыстары аудандық полиция бөліміне арызданған.

«Бұл азаматшаның ерекше белгілері: бойы – 170-175 см, шашы – ұзын, қара, көзі – қара, домалақ, қыр мұрынды, қалың қасты, домалақ ерінді. Үстіне ақ түсті көйлек, қолында көк түсті сумка, аяғында ақ түсті туфли киген», – деп жазылған полиция таратқан хабарламада.

Back to top button