«Әскерде қызмет еткіміз келмейді»: сарбаздардың шағымынан кейін тергеу басталды

«Әскерде қызмет еткіміз келмейді»: сарбаздардың шағымынан кейін тергеу басталды

«Әскерде қызмет еткіміз келмейді»: сарбаздардың шағымынан кейін тергеу басталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаздар шағымынан кейін тергеу басталды. Әлеуметтік желіде рота жетекшісінің әрекетіне шағым түсірген сарбаздар жазбасы пайда болды.
"Біздің ротаға жақында ғана ауысып келсе де, ол адамнан шаршадық. Сарбаздарға кері әсер етіп, адамды моральдық және психологиялық тұрғыдан қажытады: кемсітіп, жануарларға теңейді. Дөрекі сөздер айтып, балағаттайды. Сарбаздар әскерде қызмет еткісі келмейді. Балағат сөз айтатындай ол кім? Сонымен қатар, заңсыз бұйрықтар береді, мысалы «Рота соғыста» (бұл кезде сарбаздар тұтқындар секілді жерге жатып, қолдарын басына қоюы тиіс. Бұл бұйрықты әжетханада да береді). Тіпті «Рота, темекі» деп айғайлайды. 5 секундтың ішінде ешкім темекі бермесе, бізді заңсыз бұйрық беріп, қинайды. Біз мұндай қорлық үшін әскерге қызмет етуге келмедік", - делінген жазбада.
Сарбаздардың айтуынша, олар тегін берілуі керек киімдерді өз ақшасына алуға мәжбүр. Олар арнайы киім жетпейтінін айтады.
"Күн жылынған соң, әр сарбазға екі іш киім мен жейде берілуі керек. Әлі алмадық. Бұрынғы сарбаздардан қалған ескі іш киімдер мен жейдені киіп жүрміз. Олардың бояуы да кетіп қалған. Ал қызметтік киімдер 3-5 шақырту бойына мүлде ауыспаған. Қарапайым заттарды дүкеннен сатып аламыз, ол да тегін берілуі тиіс. Айта берсек, ұзаққа созылады. Бізге жоғарыдан адал тексеріс қажет. Біздің қызмет еткіміз келмейді", - деп жазылған 5573 әскери бөлімі, 4 батальон, 12 рота сарбаздарының хабарламасында.
Ұлттық ұлан хабарламаға қатысты пікір білдірді. Әскери бөлім командиріне тергеу тағайындағаны хабарланған. Тергеу негізінде әскери полициямен бірлесе отырып, бөлім сарбаздарынан әлеуметтік сауалнама алынған.
"Жиналған ақпаратты сараптау негізінде шағымда көрсетілген деректер дәлелденбеді. 12 рота старшинасы, ІІІ санат сержанты Смағұловқа оң сипаттама берілді. Өз саласының тәжірибелі қызметкері. Ұлттық ұлан басшылығы мен әскери бөлім командирінен алған марапаттары да бар. Ұлттық ұланда 2004 жылдан бері қызмет етіп келеді. Үйленген, ұлы бар. Қызмет барысында қол астындағы сабраздарға қатысты дөрекі қарым-қатыс байқалмады, - деді Ұлттық ұлан баспасөз қызметі өкілі.