«Nur Otan»: Алматы қаласы әкімдігіне қарасты энергетика басқармасының бұрынғы басшысын партия қатарынан шығару мәселесі қаралды

«Nur Otan»: Алматы қаласы әкімдігіне қарасты энергетика басқармасының бұрынғы басшысын партия қатарынан шығару мәселесі қаралды

«Nur Otan»: Алматы қаласы әкімдігіне қарасты энергетика басқармасының бұрынғы басшысын партия қатарынан шығару мәселесі қаралды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы жанындағы РЖҚІҚК партия ішіндегі моральдық тазалық пен құқықтық тәртіптің сақталуын күзетеді. Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің сырттай отырысы өтіп, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің материалдары, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен қозғалған, 2020 жылы «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС директоры болған кезде «мүліктік залал келтіру» фактісі бойынша күдікке ілінген партия мүшесі, Алматы қаласы энергия тиімділігі басқармасының бастығы Айдар Чарлизович Беркімбаевқа қатысты «Ratel.kz» интернет-порталының жазбасы қаралды. 2021 жылғы ақпанда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласы әкімінің орынбасары АЧ.Беркімбаевты қызметінен босатуға дейін тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау туралы ұсыныс жіберді. Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті Алматы облысы әкімдігі энергетика басқармасының бұрынғы басшысы А.Ч.Беркімбаевтың «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 630 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС-да жасалған сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерді, сондай-ақ Алматы облысында қозғалған қылмыстық істі ескере отырып, Кеңес А.Ч.Беркімбаевты «Nur Otan» партиясы қатарынан шығару және оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселелерді қарауды ұсынады. «Nur Otan» жанындағы РЖҚІҚК бұдан әрі мемлекеттік билік органдарындағы зиянды үрдістерді жоюмен айналысатын болады.