5 жылға сотталуы мүмкін: субұрқақта болған оқиға қандай баппен қаралуда?

5 жылға сотталуы мүмкін: субұрқақта болған оқиға қандай баппен қаралуда?

5 жылға сотталуы мүмкін: субұрқақта болған оқиға қандай баппен қаралуда?
ашық дереккөзі
Алматы қаласының полиция департаменті цирк алдындағы субұрқақта екі қыз бен әйелді ток ұрған оқиға қандай бап бойынша тергеліп жатқанын айтты. Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі ҚК-нің 306-бабы 2-бөлігі «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмысты орындау не қызметтерді көрсету» бойынша тергейтінін хабарлады. Айта кетейік, бұл бап 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмысын, не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып я онсыз, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.