Жаңадан салынып жатқан мектеп құлап, 6 адам мерт болды

Жаңадан салынып жатқан мектеп құлап, 6 адам мерт болды

Жаңадан салынып жатқан мектеп құлап, 6 адам мерт болды
ашық дереккөзі
Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі –шетелдіктер. The Brussels Times газетінің жазуынша, опат болған құрылысшылардың көпшілігі шетелдіктер – Португалияның үш азаматы, бір Румыния азаматы және бір Ресей азаматы. Қайғылы оқиға орнына осы елдердің елшілері барды. Прокуратура органдары тергеуге қосылды. Антверпен инженерлік департаментінің мамандары жаңа ғимараттың құлауына не себеп болғанын анықтауда. Қазіргі уақытта мектеп құрылысын бітіру мүмкін болатынына күмән бар, қала басшылығы құрылысы аяқталуға жақын барлық ғимаратты бұзуға тура келетінін жоққа шығармайды.