Күрестен жарысқа келген спортшылар төбелесіп, бірі пышақ жарақатын алды

Күрестен жарысқа келген спортшылар төбелесіп, бірі пышақ жарақатын алды

Күрестен жарысқа келген спортшылар төбелесіп, бірі пышақ жарақатын алды
ашық дереккөзі
20 маусымда елорда полиция қызметінің «102» нөміріне Қорғалжын тасжолында орналасқан қонақүйдің нөмірінде белгісіз біреу ер адамға пышақ салып, оқиға орнынан ізін жасырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеріс кезінде бір топ жастардың 15 маусым күні елордаға қазақша күрестен республикалық жарысқа Ақтөбе қаласынан келгені анықталды. Жарыс аяқталған соң 20 маусым күні олар қонақүйге келген. 21 жастағы екі ер адамның арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты. Салдарынан оның біреуі екіншісінің кеуде тұсына пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. 21 жастағы күдікті ер адам ұсталып, уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмысы жүріп жатыр. Бұдан басқа, тергеу аясында аталған жарысты ұйымдастырушыларға баға беріледі.