Сағынтаев субұрқақта тоққа түскен балаларға қатысты пікір айтты

Сағынтаев субұрқақта тоққа түскен балаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Цирктегі субұрқақта қыздар және біреуінің анасымен орын алған қайғылы оқиға полицияның тергеуінде. Мұндай жағдай болмау керек. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін»,- деп жазды Тwitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы субұрқақта бірнеше адамды тоқ соқты. Кейін әкімдік оқиғанын мән-жайын түсіндірген болатын.

 

Back to top button