21 маусым күні қандай елеулі оқиғалар болды?

21 маусым күні қандай елеулі оқиғалар болды?

21 маусым күні қандай елеулі оқиғалар болды?
ашық дереккөзі
1994 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен Ақмола, Атырау, Павлодар, Талдықорған облыстарында аймақтық университеттер құрылды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысы Н.Ә. Назарбаевты Макроэкономика мамандығы бойынша мүше ретінде (академик) қабылдады. 1995 жылы Абай энциклопедиясы жарық көрді. 1996 жылы Оңтүстік Кореяда Абайдың қарасөздері корей тілінде кітап болып басылып шықты. 1997 жылы Будапештте венгр тілінде шыққан Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ғасырлар тоғысында кітабының тұсаукесері өткізілді. Оның алғысөзін Венгрия Президенті Арпад Генц жазған. 1999 жылы ақын Мұхтар Шахановқа халықаралық Руханият сыйлығы берілді. 1999 жылы Батыс Қазақстаннан Қара теңіз жағалауына дейін созылатын Каспий мұнай құбырын төсеу басталды. 2001 жылы Қостанай қаласындағы Октябрьдің 50 жылдығы көшесіне Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург, журналист, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып Дулатовтың есімі беріліп, ескерткіш тақта орнатылды. 2004 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында бірінші рет Халықаралық органдық музыкалар фестивалі өтті. 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасында Республика Сарайына дыбыс жабдықтарын жеткізу (Алматы қаласы) жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы Заңға қол қойды. 2006 жылы Сара Назарбаева Асыл жүрек халықаралық қайырымдылық сыйлығына ие болды. Беделді халықаралық қайырымдылық сыйлығын тапсыру рәсімі Россия бас концерт залында өтті. Бұл шараны атақты итальян актері Софи Лорен ашты. Сондай-ақ Орнелла Мути, Джессика Ланг және Стивен Сигал сияқты белгілі актерлер кештің арнайы қонағы болды. 2010 жылы Орталық Азия өңірінде алғаш рет Алматыда ядролық сынаққа жаппай тыйым салу туралы шартты қолдау мақсатында Халықаралық оқу орталығының ашылуы өтті. 2012 жылы Польша азаматы Анджей Млынарек өзін аштықтан, аурудан құтқарған қазақ отбасына алғыс білдіру мақсатында 70 жылдан кейін Қазақстанға оралып, тағы бір мәрте қазақ халқының қонақжайлығы, адалдығы, мейірімі мен махаббатын сезінді. Қонақ аудандық мешітке келіп, қиын-қыстау кезеңде оған көмек көрсеткен адамдарға құран бағыштады, зиратқа барып, гүл шоқтарын қойды. 2013 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы жүйесін жаңғырту, оның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, зейнетақы жинақталымын сақтау және оның өсуі, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқарудың ашықтығы үшін жағдай жасауға бағытталған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға қол қойды. 2013 жылы Астанада қызметтік борышын орындау кезінде қайтыс болған ішкі істер қызметкерлері мен ішкі әскер әскерилері монументінің салтанатты ашылуы өтті. 2015 жылы Алматыда Азия және Океания елдерінің министрлері деңгейінде спорттағы допингпен күрес бойынша 12-ші үкіметаралық мәжіліс өтті. 2015 жылы Түркия астанасы Анкара қаласында саябаққа қазақ ақыны Сүйінбайдың есімі берілді. 2016 жылы Алматы қаласында алғаш рет Барселона ФК (Испания) балаларға арналған жаттығу лагері ашылды. 2016 жылы Қазақстан - Ұлы дала елі цифрлық қосымшасы жасалды. 2017 жылы Астана халықаралық әуежайының аты Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы деп өзгертілді. Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы халықаралық азаматтық авиация қауымдастығының ІІІА санатына ие. Ол барлық типтегі әуе кемелерін қабылдай алады.