Жаңалықтар

«Мұнара» газеті журналистер арасында үстел теннисінен турнир өткізді

ашық дереккөзі

«Мұнара» газеті журналистер арасында үстел теннисінен турнир өткізді

Елордада «Мұнара» рухани-танымдық газетінің ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында журналистер арасында үстел теннисінен турнир өтті. Мақсаты – журналистермен тығыз байланыс орнатып, ынтымақтастықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру. Нәтижесінде жылдам әрі тартымды ойнаған «Қазақ радиосының» дикторы Мұхаммедәли Болатұлы қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Ал оған сәл ғана ұпайы жетпей қалған «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі Оңғар Алпысбайұлы екінші орынды місе тұтса, үшінші орын «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Алмас Манапқа бұйырды. Қалған бес қатысушыға ынталандыру сыйлықтары берілді. Жеңімпаздарды марапаттаған ҚМДБ Баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мен «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан турнирге қатысушыларға алғыстарын білдірді.