Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта буындырып тастады

Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта буындырып тастады

Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта буындырып тастады
ашық дереккөзі
Қазақстандық жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (22-6-2) Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 1 аралас жекпе-жек турнирінің хедлайнері болды, деп хабарлайды Sports.kz. Оның қарсыласы украиндық файтер Роман Головинов (10-4) болды. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, алайда Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта-ақ буындырып тастады. ОСылайша ол ММА-дағы спорттық мансабында 23-жеңісіне қол жеткізді және MFC промоушнының чемпиондық белдігін иеленді. Ал Роман Головинов болса, спорттағы жолында бесінші рет жеңіліс тапты. Бұл — Қуаттың 2021 жылғы екінші жекпе-жегі. Біріншісі қаңтар айында өткен еді. Онда Хамитов қарсыласы ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) 49 секундта нокаудқа түсірген болатын.