Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 5 бала суға кеткен

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 5 бала суға кеткен

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 5 бала суға кеткен
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 5 бала суға батып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, су айдындарының жағалауларында балалардың ата-аналардың қарауынсыз қалуы қайғылы оқиғаға әкеп соғуы әбден мүмкін. Өңірде жыл басынан бері 5 бала суға кеткен. Облыс құтқарушылары апта сайын жағажайларды қарауылдап, шомылуға тыйым салынған орындарға ерекше назар аударуда. Өскемен қаласының құтқарушылары қауіпті учаскелерді тексеріп жүріп су қоймаларының жағалауларында ересектердің қарауынсыз қалған 15 баланы тапты. Белгілі болғандай, олардың ата-аналары балаларының қайда жүргенін де білмеген. Департамент мамандары балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, осы учаскелерде шомылмауға, тек арнайы жабдықталған жағажайларды таңдауға кеңес берді. «Балалардың көпшілігі жүзе алмайды. Көп жағдайда олар терең, ағысты қатты су айдындарына келіп шомылып жатады. Мұндай орындарда құтқарушылар бекеті жоқ. Егер біреу суға батса оған ешкім көмектесе алмайды», - деді Өскемен қалалық ТЖБ бастығының орынбасары Дастан Ахметов.