Түркістанда ер адам құрылыс кранынан секіріп кетпек болды

Түркістанда ер адам құрылыс кранынан секіріп кетпек болды

Түркістанда ер адам құрылыс кранынан секіріп кетпек болды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында полицейлер краннан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгін шамамен таңғы сағат 9.30-да Түркістан қалалық полиция басқармасының 102 пультіне белгісіз ер адам құрылыс кранына көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсауға тырысқаны туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден полицейлердің жедел-тергеу тобы мен прокуратура өкілдері шықты. Полицейлер мен прокуратура өкілдері кранға шығып алған ер азаматқа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынның әрекетінің қауіпті екенін айтып, мұндай қадамға бару мүлде дұрыс емес екенін ұғындырды. Олар осылайша ер адамды көндіріп, төменге аман-есен түсірді. Содан соң оны Полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта жергілікті тұрғынның өмірі мен денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Аталған жайтты полицейлер Түркістан ҚПБ-да тіркеді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері сақтық шаралары мен ҚР заңнамасын сақтауды ұсынады. Егер сіз осындай оқиғалардың куәгері болсаңыз, дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабар беріңіз.