«STOP-трафик»: Маңғыстауда жезөкшелікпен айналысқан 48 адам есепке қойылды

«STOP-трафик»: Маңғыстауда жезөкшелікпен айналысқан 48 адам есепке қойылды

«STOP-трафик»: Маңғыстауда жезөкшелікпен айналысқан 48 адам есепке қойылды
ашық дереккөзі
“STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 48 адам жезөкше санаты бойынша есепке қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Маңғыстау облысы аумағында “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның алғашқы екі күнінде Маңғыстау облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының, сондай-ақ қала, аудан полиция бөліністерінің қарқынды түрде жұмыстар жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, іс-шараларды жүргізу барысында шетел азаматының еңбекпен қанау мақсатында заңсыз жұмыс жасау, жезөкшелікпен айналысу сияқты бірнеше деректер анықталды. Статистикаға сүйенсек, ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен екі дерек, 309-бабы 2-бөлігімен үш дерек, ал ҚР ҚК 126-бабы 3-бөлігі бір дерегі тіркелді. ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабына (Қоғамдық орнында тиісу) сәйкес 25 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша 10 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша үш дерек анықталды. Сонымен қатар 48 адам жезөкше санаты бойынша есепке қойылды. “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы 18 маусымға дейін жалғасады.