Жаңалықтар

Әлемдегі 7 ерекше футбол алаңы

ашық дереккөзі

Әлемдегі 7 ерекше футбол алаңы

Қазір Америка және Еуропа чемпионаты өтіп жатқан тұста, футболсүйер қауымның назары доп додасына ауып тұрғаны анық. Осы орайда әлемдегі ерекше стадиондар туралы 24.kz жазды. Henningsvær Idrettslag Stadium, Норвегия  Лофотендегі Хеннингсвер балықшылар ауылы керемет жерде орналасқан. Айналасын су, жартасты аралдар қоршаған. 500 адамнан аспайтын халқы бар ауылдағы 3 сурет галереясы, футбол клубы және арт-нысанға ұқсайтын ерекше стадион кез келген адамда таңқалдырары анық. Оның құрылысы үшін платформаны жартасқа тегістеп, жасанды көгалмен жапқан. Tasiilaq Stadium, Дания, Гренландия Тасиилак футбол алаңы ерекше болғанмен, ойыншылар мен көрермендер үшін ыңғайсыз. Футбол алаңының беті тегіс емес, көрермендер жақын жердегі тастарды отыруға пайдаланады. Мұнда жыл сайын Гренландияның әр түрлі қалаларынан футбол командалары қатысатын ауданаралық турнир өтеді. Marina Bay Floating Platform, Сингапур Марина-Бей шығанағындағы стадион – әлемдегі ең үлкен судағы алаң (120 метрден 83 метрге дейін). Спорттық матчтардан басқа, мұнда мемлекеттік мерекелер мен концерттер өтеді. Стадион шамамен 9000 адамның салмағын көтере алады. Adidas Futsal Park, Жапония 2001 жылы, XVII әлем чемпионатынан бір жыл бұрын, Adidas компаниясы Токиодағы 9 қабатты Tokyu әмбебап дүкенінің төбесінде футбол алаңын ашты.