Ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, аптап ыстық болады

19 маусым күні атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, солтүстік-шығысында, орталығында нөсер жаңбыр және бұршақ күтіледі. Тек батыс пен оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде дауыл тұруы ықтимал, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл, басым бөлігінде жел тұрады -15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл көтеріледі, күндіз желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз 23-28 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ, түнде және таңертең – кей жерлерінде тұман түседі, түнде басым бөлігінде желдің екпіні кей жерлерінде 15-20 м/с жетуі ықтимал. Қызылорда облысында жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, шаңды дауыл көтеріледі.

Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз шаңды дауыл тұрады, кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз шаңды дауыл тұруы мүмкін. Күндіз Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстарында, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Back to top button