Головкин мен Муратаның жекпе-жегі өтетін күн өзгерді

Головкин мен Муратаның жекпе-жегі өтетін күн өзгерді

Головкин мен Муратаның жекпе-жегі өтетін күн өзгерді
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz Foxsports.com.au-ға сілтеме жасап. Австралиялық промоутер Дин Лонерганның айтуынша, Головкиннің Муратамен айқасы 28 желтоқсан өтеді. Бұған дейін Головкин - Мурата айқасы 31 желтоқсанда Токиода (Жапония) өтуі мүмкін деп хабарланған болатын. Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, мұның алдында жаз кезінде қазақстандық тағы бір спортшымен бақ таластырады. Еске салайық, Геннадий IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, ал Мурата WBA Super белбеуіне ие.