Жаңалықтар

"Әлі ешкімді жеген жоқ". ШҚО-да тұтас бір елді мекенді аю дүрліктіріп отыр

ашық дереккөзі

"Әлі ешкімді жеген жоқ". ШҚО-да тұтас бір елді мекенді аю дүрліктіріп отыр

Шығыс Қазақстандағы Серебрянск елді мекенінің тұрғындары аюдан қорқып отыр. Аю үй жануарларына шабуыл жасап, жергілікті омартадағы балды жеп кетеді екен, деп хабарлайды "Еуразия" арнасы. Мысалы елді мекен тұрғыны Владимир Шевляковтың үйіне жабайы аң 10 рет келген. Аң сол үйдің итін жеуге шақ қалған. Аю Владимир Шевляковтың кішкентай омартасына әуес екен. Ол бүкіл балды жеп кеткен. Тәбеті жақсы, 1 миллион теңге тұратын балдан дәм татты, - дейді тұрғын. Сондай-ақ аң елді мекендегі тауықтар мен қояндарды жегенді ұнатады екен. Адамдар сыртқа шығуға қорқады. Ал аюдың елді мекенді төңіректеп жүргеніне екі ай болыпты.