Атырау облысы мұнай өндірісін арттыруды жоспарлап отыр
Атырау облысы мұнай өндірісін арттыруды жоспарлап отыр
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген және қабылданған Атырау облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары туралы айтты.
Досмұхамбетовтың айтуынша, бұл құжат облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға және өңірдің кешенді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Экономикада кешенді жоспар іс-шараларын іске асыру айтарлықтай дамуды және негізгі бағыттар бойынша сапалы секіруді қамтамасыз етеді.