Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесі беріледі

Ақмола облысындағы Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесін беруді қарастыратын алгоритм әзірленді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Қосшы ауылы қарқынды дамып келеді. Ауыл өсіп келеді, тиісінше қосымша инфрақұрылым талап етіледі. Қазір ауылға облыстық маңызы бар қала мәртебесін беруді қарастыратын алгоритм әзірленді», – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығында атқарушы органдардың жұмысы ақмолалықтардың өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға және өмір сүруге жайлы жағдай жасауға бағытталған.

Back to top button