Солтүстік Корея 2005 жылдан бері алғаш рет басқа елге ақшалай көмек берді

Солтүстік Корея әскери төңкерістен зардап шеккен Мьянмаға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бастамасына 300 мың доллар бөлді. Бұл туралы The Korea Times хабарлады.

Пхеньян 2005 жылдан бері алғаш рет басқа елге гуманитарлық көмек ретінде ақша бөліп отыр. КХДР-дан басқа, Мьянманы Оңтүстік Корея, сондай-ақ бірнеше батыс елдері қолдады. Ең үлкен қайырымдылық АҚШ тарапынан жасалды. АҚШ Мьянмаға 23 миллион доллардан астам қаражат жіберді.

Солтүстік Корея қаржылық қайырымдылық жасай бермейді, өйткені ол әлемдегі ең кедей елдердің біріне саналады. Сонымен қатар 16 маусымда Ким Чен Ын елдегі ашаршылық қаупі туралы айтты. Себебі былтырғы тайфун астық өсіру жоспарын орындауға кедергі келтірген. Сондықтан елде халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде шиеленіскен жағдай қалыптасып отыр.

1 ақпанда Мьянмада мемлекеттік төңкеріс болды. Әскерилер «Демократия үшін Ұлттық лига» (NLD) билеуші партиясы шешуші жеңіске жеткен күзгі сайлаудың нәтижелерімен келіспеді. Әскерилер Үкіметтің таратылғанын жариялады. Біраз уақыттан кейін елде құлатылған үкіметті қолдау үшін наразылық басталды. Наразылық білдірушілерді тарату кезінде полиция наразы топқа оқ жаудырды.

Сондай-ақ!
Close
Back to top button